The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Полиция мен ветеринария саласының мамандары кеңейтілген кеңес өткізді

 

Полицейлер Мақтаарал аудандық әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында кеңейтілген кеңес өткізді. Жедел кеңеске Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Шоқан Сәруар, 2 кент, 9-ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария саласының мамандары, аудан прокурорының орынбасары және ауданның тәртіп сақшылары қатысты. Шараның басты мақсаты – ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру, тасымалданатын малға ветеринариялық құжатты тапсыру тәртібі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру және жергілікті атқарушы органдармен бірге атқарылатын жұмыстарды қарау. Жиын барысында әр саланың қызметкерлері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта ауыл әкімдері, учаскелік полиция инспекторы, ветеринария сала қызметкерлерімен біргелікте қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында арқандаулы қалған малдарды қамап, иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Азияға астық жеткізу көлемін екі есеге арттырды

admin

Асық ату және бес асықтан Түркістан облысының чемпионаты басталды

admin

Шымкенттегі мектептерде толығымен адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылуда

admin