The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҮШІН 8 СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту.

Мәселен, Шымкент қаласынан шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 8 қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтитын «Бозарық» қосалқы станциясы пайдалануға берілген болатын.

Бұдан бөлек, қалада 12 елдімекенге ауыз су құбыры тартылады. Осылайша, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізіледі. Осы жылдар ішінде қала тұрғындары толығымен көгілдір отынға қосылса, сағатына 250 мың метр кубты құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасы осы жылдың қазан айының соңында іске қосылады.

Сонымен бірге қалада 84,4 шақырым болатын кәріз жүйесі салынады. Осылайша бес жылда кәрізбен қамту көрсеткішін 65 пайызға жеткізу көзделуде.

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі ғалым тілге қатысты алыпқашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды

admin

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

admin

Сарыағаш: кәсіпкерлік саласы, шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы

admin