The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: 9 көшеге ирригациялық жұмыстар жүргізілді

Шымкент қаласы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.

Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі.

Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Жетімдер үйіне түсетін балалар саны азайып келеді

admin

Түркістан: «Экобазардағы» жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр

admin

ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров құрылысқа қатысты қатаң талап қойды

admin