The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте 900-ге жуық жас баспаналы болды

Шымкентте 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды. Қазіргі таңда азаматтармен арендалық жалдау шартын жасасып, қоныстандыру жұмыстары басталды. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Конкурстан өткен азаматтарға арендалық жалдау шарты бойынша 1414-тен хабарлама жолдануда. Жолданған келісімшартқа электронды қол қою арқылы пәтер кілтіне қол жеткізе алады.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың  8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. «Жастар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Д.САТЫБАЛДЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ БІРНЕШЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ

admin

Бір жерден екі өнім алу жобасы аясында

admin

Төлебилік шебер ер тұрманның 20-дан астам түрін түгендеп кітап жазған

admin