The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБизнес

Шымкентте өндірілген медициналық бұйымдар мен қорғаныс құралдарына сұраныс зор

Заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары — қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі.

Жылына медициналық киім мен іш киімнің – 500 мың данасы, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн.данасы, медициналық қорғаныс көзілдірігінің — 1 млн. данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Цехтың жалпы ауданы 1,25 га аумақты алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 250 ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының «Ашық микрофон» жобасы

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында шектеу шаралары қатаң сақталуда

admin

Жамбыл: жаңа әкім ардагерлер кеңесінің төрағасын қабылдады

admin