The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкенттік команда орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Ағымдағы жылдың 23-25 ақпан аралығында Астана қаласында «Central Asia FIRST Championship» ресми чемпионаты өтті.

Дәстүрлі жарысқа әлемнің 10 елінен 3 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың қатарында Гонконг, БАӘ, Түркиядан келген қатысушылар да бар. Қазақстанның намысын іріктеу чемпионаттары барысында жолдама ұтып алған 200 команда қорғады.

Байқау нәтижесі бойынша Шымкент қаласы «Robo Park» робототехника орталығының 7- 16 жастағы тәрбиеленушілерінен құралған «ShymSide» командасы Орталық Азия Чемпионы атанды.  Сонымен қатар, шымкенттік оқушылар Америка Хьюстон қаласына жолдама алды. Олар еліміздің намысын Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге қорғайтын болады.

Мектеп оқушылары 3 негізгі жас санаты бойынша бақ сынады: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатта роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылды.

Команда құрамында Мардан Жақыпбек, Айдос Оспан, Сәт Сейдрахман, Иманғали Қыдырбай, Аңсар Мұсақұл, Сержан Сұлтанбек, Ерасыл Молдабек бар.

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛДАУ: Тәлім-тәрбие беруде зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенім артты

admin

ШЫМКЕНТ: Ауруды жеңіп шыққан қария дәрігерлерге алғысын жеткізді

admin

Түлкібас ауданында жаңа оқу жылына дайындыққа 1800 астам әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетіледі 15 Тамыз, 2022, 21:21

admin