The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Спортпен шұғылданушылар қатары 70-мыңға жуықтады

Түркістан қаласында спортпен шұғылданушы тұрғындар саны – 70 мыңға жуықтаған.

Салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында шаһарда түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Аптасына әр сектордың ашық алаңшаларында таңғы жаттығулар ұйымдастырылып, қалаішілік спорттық жарыстар өткізілуде.

Жыл басынан бері қалада он көшеде жаттығу алаңшасы салынған. Оның жетеуі стритворкауд, 3 стритболл алаңшасы.

Қазіргі таңда облыс орталығында – 231 спорт нысаны бар.

Атап айтқанда: 1- спорт сарайы, 3 – стадион, 4 – спорт кешені, 139 – спорт ойын алаңы мен 10 – теннис корты жұмыс жасаса, сонымен бірге, 6- бассейн, 64 ашық спорт алаңшасы мен 69 спорт залы тұрғындар игілігіне жарауда.

Шаһарда спорттың 12 түрінен үйірмелер жұмыс жасайды.

Олар: волейбол, бокс, таэквандо, тоғызқұмалақ. Одан бөлек, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрестен де үйірмелер ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Шардарада жастар слеті өтіп жатыр

admin

Жолдау аясындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

admin

«Жеңімді қайырғаным үшін тыр жалаңаш далаға сүйреді»: Түркістан облысындағы шенеуніктің әйелі күйеуінен көрген қорлығын айтты

admin