The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.

Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді.

Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының жылыжайларынан бір жылда 140 мың тонна өнім жиналды

admin

Қандастарға қойылған талаптар қисынсыз ба? – Депутат Үкіметке хат жазды

admin

Өзін әлеуметтік әлсіз етіп көрсететіндер көбейді: Оларға жаза бар

admin