The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік жастар ұлттық спорт түрлерін дәріптеді

Бәйдібекте 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. «ZHASTAR WEEK» апталығы аясында аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов білім, мәдениет саласының жастары мен жас кәсіпкерлер, ерікті жастар, спортшылармен және студенттермен кездесті.

Бөген өзенінің бойындағы демалыс аймағында еркін форматта өткен кездесуінде белсенді аудан жастары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтары мен пікірлерін айтып, ауданның дамуына қосатын түрлі саладағы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қонақтар «Сафи_арт_спорт» үйірмесінің және  О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің  қолөнершілерінің  көрмесі мен талантты жастардың  өнерлерін тамашалады.  Бәйдібек ауданының атын асқақтатып жүрген  спортшылар мен талантты жастардың жетістіктері аудан басшысына таныстырылды.

Кездесу барысында  аудан әкімі жастармен бірге қазақтың ұлттық спорт түрі садақ атудан жебе тартып, аудан жастарымен бір толқында болды. Демалыс аймағында өткен шарада жастар арасында арқан тарту, кір тасын көтеру мен қол күрес және басқа да спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, арнайы  естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

«ЖИ – құрал, жауапкершілік адамда»: Айна Задабек медиада ЖИ-ді сынақтан өткізудің артықшылығын атады

admin

Облыс орталығында «TURKISTAN SKY AUTO FEST – 2024» іс-шарасы өтуде

admin

ШЫМКЕНТ: Абай ауданында биыл 38 көшеге асфальт төселеді

admin