The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысының 9 дәрігері түркияға аттанады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Түркістан облысынан 9 дәрігер енгізілді. Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Арыста салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты

admin

Отырарда зейнеткер көпір салып берді

admin

Шымкент : Кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы 2 есеге ұлғайды

admin