The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа емхана пайдалануға берілді

Түлкібас ауданындағы  Састөбе кентінде «Ауыл — Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында тәулігіне 75 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы жаңа медициналық нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт және аудандық аурухананың бас дәрігері Жанат Тогайбекова қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Жалпы аумағы 1 гектар жерде орналасқан нысанның айналасы толығымен қоршалып, көгалдандырылған. Ғимаратының аумағы 940 шаршы метрді құрайды. Ішінде 20-дан астам заманауи жабдықтармен жабдықталған ем-дом көрсететін және емделушілер қаралатын бөлмесі бар. Бұл жерде отыздан астам ақ халатты абзал жан халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5 учаскелік дәрігер бар, қалғаны — медбикелер.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Тұран ауданында 3 ойын алаңшасы балалар игілігіне берілді

admin

Шымкент: жыл сайын 300 шақырым жол жөндеуден өтеді

admin

Шымкентте эпидахуал тұрақтала бастады

admin