The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: тұрғындардың ұсынысы ескерусіз қалмайды

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкім Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары халық үніне құлақ асып, мәселелерді оңтайлы шешу бағытында жұмыс атқаруда.

«Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын жеке қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Жеке қабылдауда тұрғындар кәсіпкерлік, қаржы саласына қатысты мәселелерді көтерді. Мәселен, кентаулық жеке кәсіпкер құс шаруашылығын кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізіп, мемлекет тарапынан 220 млн теңге жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік қолдаулардың тәртібі мен шарттарына тоқталып, өтініш иесіне кепілдіксіз несие қарастырылмайтындығын жеткізді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасының басшысына мәселені жан-жақты қайта қарап шығуды тапсырды.

Түркістан қаласының тұрғыны ЖК «Айгүл» және «Жарық-Тазалық» ЖШС арасындағы келісімшарт негізінде орындалған жұмыстарының қаржысын уақтылы аударуға ықпал етуді сұрады. Нұралхан Көшеров Түркістан қаласы әкімінің орынбасарына мәселені зерделеп, жеке кәсіпкерлер алдындағы берешекті тез арада өтеуді тапсырды.

Қабылдауға келген азаматтарға әрбір өтініш бойынша заң шеңберінде жұмыс жүргізілетіні айтылды. Жауапты сала басшыларына ой-пікірлерді назарға алып, мәселелерді шешуді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Әкім 500 үйге дабылқаққыш орнатып берді

admin

Күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелі қамауға алынды

admin

Қала әкімі жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

admin