The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Жылыжайларда егін егу жұмыстары қарқынды

Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі – ауылшаруашылық саласы болып табылады. Аудан аумағында жылыжай көлемі 683,2 гектарды құрайды. Жылыжайларда негізінен қызанақ, қияр, болгар бұрышы, көкот (зелень), баклажан, түсті қырыққабат, құлпынай және гүлдер өсіріледі.

Бүгінгі таңда шаруалар жылыжайларға егін егу жұмыстарын бастап кетті. Оның ішінде алғашқылардың бірі болып егін егу жұмыстарын жүргізуді қолға алған Құркелес ауылдық округіндегі «Нормад» шаруа қожалығында болгар бұрышы егілген. Ал, Қабланбек ауылдық округіндегі «Ханзада» және «Берік» шаруа қожалықтарында қызынақ және қияр көшеттері отырғызылуда. Қазіргі уақытта 210 гектардан астам жылыжай кешендерінде шаруалар тарапынан жаңадан егін егу жұмыстары жалғасуда.

Облыс көлемінде биыл жылыжайлар көлемі 690 гектарға ұлғайып, 2259 гектарға жеткізіледі. Нәтижесінде, алынған өнім көлемі 3 есеге дейін артып, 240 мың тн. асатын өнім өндіру жоспарланған. Республика халқы қажеттілігі маусымаралық кезеңде толық қамтамасыз етіледі.

Оның ішінде Түрістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Келес аудандарында агроиндустриальды аймақ құру жоспары бойынша 500 гектарға жылыжайлар салынады. Қазіргі таңда аудан әкімдіктерінен нақты ұсыныстар жинақталуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ

admin

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себептері анықталды

admin

М.Әйтенов: «Вакцина салдырмаған жағдайда бұл көрсеткіш бұдан да ауыр болуы мүмкін»

admin