The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің 2 жылдығы аталып өтті

Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің құрылғанына 2 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
Шара барысында «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Ғалымжан Ерназаров кешеннің атқаратын қызметі, дамуы және алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің бір топ қызметкеріне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хаты табысталды.
Іс-шарада облыс мақтаныштары – Мөлдір Бақытжанқызы, Аяжан Нұрмаханбет, Қайрат Тұрсынбекұлы өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кеш «Конгресс холл» кешені өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алаяқтар 2 млн астам қаржысын алып кеткен

admin

Қостанайда жаңа шойын құю зауыты іске қосылады

admin

Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

admin