The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ұлытау облысында бір табын жылқы құтқарылды

 Ұлытау облысындағы құтқару жұмыстары туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 наурызда сағат 21:30-да Талап ауылынан 10-12 шақырым жерде Кеңгір өзенінің бойында жылқы табыны судан шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 1 сәуір 2024 жылы 08:46 сағ ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 4 адам мен 1 техника шықты. Сағат 15:10-да Талап ауылы бағытына қарай 25 бас жылқы қауіпсіз жерге айдалды.

Еріген су салдарынан жолда көлік қозғалысының қиындауына байланысты, Мибұлақ ауылының тұрғыны медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнына ТЖД және ПД күштері мен құралдары, сондай-ақ дәрігерлер жіберілді. 2 сәуір сағат 01:35-де науқас және фельдшер Жезқазған қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Университет ректорын Үкімет тағайындайтын болады

admin

Шымкентте мас ер адам үйіне келген учаскелік полицейді пышақтаған

admin

Шымкент қаласында Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде

admin