The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Зейнетақы жинағындағы ақшаны қай кезде толық шешіп алуға болады?

 Шетелге тұрақты қоныс аударғандар зейнетақы жинағын толық ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметінше, Қазақстан азаматтары шетелге тұрақты тұру мақсатында көшкен жағдайда өздерінің зейнетақы жинағын толық көлемде алуға құқылы.

Бұл үшін азамат басқа елдің азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығынан шығуы, сондай-ақ қажетті құжаттарды БЖЗҚ-ға өткізуі қажет.

Қаражат салымшының банктік шотына теңге, доллар, еуро, рубль немесе фунт стерлинг валютасында аударылады.

Сонымен қатар егер салымшы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына жерлеуге арналған төлем беріледі. Бұл төлемнің көлемі 94 АЕК (1АЕК=3932 теңге, яғни 369 608 теңге) аспайды және жинақ сомасынан көп болмауы тиіс.

Қалған зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагерлерге беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Наурыз» ипотекасы кімге берілгені белгілі болды

admin

ТҮРКІСТАН: Қазақстан халқы ассамблеясының мониторинг тобы сайрамдық тұрғындармен кездесті

admin

ТҮРКІСТАН: көкөніс өнімдерін тұтынушыларға кедергісіз жеткізу жолдары қаралды

admin