Кезектен тыс он сегізінші сессия өтті

0

Бүгін аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезектен тыс он сегізінші сессиясына қатыстым. Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, оны депутаттар талқыға алды.

Жиында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жұмысы қаралып, елді мекен аумағынан 5 шақырымнан тыс орналасқан аумақты ортақ жайылымдық жер етіп заңдастыруды сұранды.

Қазіргі кезде аудан аумағы 306 380 гектарды құраса, оның ішінде ортақ жайылымдық жер көлемі 70257 гектардан аспайды. Мал басы күн санап артуына байланысты жайылымдық жерге деген қажеттілік 668 038 гектарды құрайды. Биылғы жылы 20587 га жер мемлекет игілігіне қайтарылды.

Төлеби ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 10 маманға көтерме жәрдемақы, 2 маманға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру мәселесі депутаттардың қолдауына ие болды.

Сессияда аудан бойынша кондоминиум обьектісін басқаруға және оның орталық мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері бекітілді.

Бұған қоса, аудан әкімдігі жанындағы консультациялық- кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты депутаттар ұсыныс – пікірлерін жеткізіп, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


ПІКІР ЖАЗУ