Құрылыс саласының мамандарын құттықтады

0

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, тамыз айының екiншi жексенбiсi «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жариялаған болатын. Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы екенін ескеріп, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бұл сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Құрылысшылар аудан әкімдігіндегі фойеде өз саласы бойынша аудан көлемінде атқарған жұмыстарына көрме ұйымдастырып, аудан әкімін таныстырды.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен мерекелік жиында ауданның сәулеті мен келбетін, ажарын ашып, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне үлес қосып келе жатқан құрылыс мамандарын Төлеби ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік медальмен, «Алғыс хатпен» марапаттады.

«Құрылысшы – құрметті мамандық! Ауданымызда бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта құрылысшы мамандарының алақандарының ізі мен айрықша қолтаңбалары бар. Жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан құрылысшылар әрқашан құрметке ие. «Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілеймін! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын! Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін», деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ