Таяу Шығыс, Газа қасіреті, ЖИ, дін: Діндер съезінде не айтылды?

0

Астана төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сегізінші мәрте өтті. Бүгінгі аласапыран дәуірде адамзатқа ең қажетті үн – татулық пен түсіністік жайлы сөз осы мінберден естілді. Әр тараптан келген рухани көшбасшылардың ойы бір арнаға тоғысты: әлемді хаостан құтқаратын күш – сенім мен адамгершілік. Бүкіл әлем назарын өзіне аударған жиынның бірінші күні тағы не айтылды? BAQ.KZ шолу жасап көрді.

Бейбітшілік елшілері

Жиынның әлқиссасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Жиынды ашқан Президент VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде сөз сөйлеп, қазіргі халықаралық жағдайдың күрделене түскенін атап өтті.

Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек. Мәмілеге балама жоқ, – деді Президент.

Оның айтуынша, осындай кезеңде діни лидерлердің басқосуының маңызы айрықша.

Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолына жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дін – бітімгерліктің бастауы

Съез қатысушыларының арасында Папа Римский Лев XIV жолдаған үндеуі ерекше ықыласпен тыңдалды. Ол діннің қақтығыс емес, қайта шипа мен татуласудың бастауы екенін атап өтті. «Болашақтағы бейбітшілік пен бауырластық әрбір жүректің, әрбір қолдың ортақ еңбегін қажет етеді», – деген оның сөздері рухани үндеудің мәнін айқындап берді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те жиынға арнаған сөзінде діни көшбасшылардың жауапкершілігі бүгінгі әлем үшін бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, сенім иелері адамзатты бейбітшілікке шақырып, сенім мен диалог арқылы жаһандық тұрақтылықты нығайтуға үлес қоса алады.

Газа қасіреті, Таяу Шығыстағы ахуал

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған дін лидерлері Қазақстанды бейбіт қатар өмір сүрудің үлгісі ретінде бағалады. Еуропа мұсылмандары форумының президенті Абдул-Вахед Ниязов Газа қасіреті туралы сөз қозғай отырып, имандылық күшейген сайын соғыстар да тоқтайтынын атап өтті.

Қазақстан – ұлттар мен діндердің бейбіт өмір сүре алатынын дәлелдейтін ел, – деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Газадағы ахуалға қатысты алаңдаушылық білдірді.

Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі екені жасырын емес. Сіздердің осы жиынға қатысуларыңыз ашық пікір алмасуға, бейбітшілік пен келісімге деген шынайы ұмтылысты көрсетеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Ядролық қақтығыс қаупіне алаңдаулы

Съез жұмысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйледі. Бұл қадам елдің көпұлтты әрі көптілді болмысын ғана емес, бүкіл әлемге ортақ бейбітшілікке шақыруды білдіреді. Президенттің сөзі Қазақстанның жаһанға үлгі боларлық татулық тәжірибесін паш етті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ядролық қақтығыс қаупінің артып отырғанына назар аударды.

Айтуынша, мұндай ауқымды апаттың орын алу ықтималдығын сарапшылар соңғы ондаған жылдағы ең жоғары деңгейде бағалап отыр.

Геосаяси жіктер кеңеюде, әлеуметтік шиеленістер артуда. Осындай күрделі жағдайда, менің ойымша, басты рөлді конструктивті дипломатия атқаруға тиіс, – деді Президент.

Дін – жарастырушылықтың бастауы

Съез мінберінен айтылған алғашқы ойлардың бірі – сенімнің мәні. Папа Римский Лев XIV жолдаған үндеуде діннің қақтығыс емес, қайта шипа мен татуласудың бастауы екені атап өтілді. «Болашақтағы бейбітшілік пен бауырластық әр жүректің, әр қолдың ортақ еңбегін қажет етеді», – деген сөздер залда үлкен қолдау тапты.

Ал діни қайраткер Малкольм Хоэнлейннің айтуынша, дін көшбасшыларының басты міндеті – адамдарды біріктіру.

Біз айырмашылықтарымызға емес, ортақ құндылықтарымызға көбірек назар аударуымыз керек, – деді ол.

Анак Джут Дахалд та Қазақстанның бастамасына жоғары баға беріп,

Бұл – дұрыс қадам, әлемдік дін лидерлерін тоғыстырған бірегей алаң, – деп ризашылығын білдірді.

БҰҰ үндеуі

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш діни көшбасшылардың рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әлемдегі сенім иелері адамзатты бейбітшілікке шақырып қана қоймай, жаһандық тұрақтылықты нығайтуға нақты үлес қоса алады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі құрамы заманауи талаптарға сай келмейтінін атап өтті.

Қауіпсіздік кеңесінің құрамы қазіргі заманға емес, 1945 жылғы жағдайға сай жасалған. Бұл тек заңдылық мәселесін ғана емес, сонымен бірге тиімділік мәселесін де туындатып отыр, – деді ол.

Гутерриштің айтуынша, Қауіпсіздік кеңесін реформалау – қазіргі әлемдік жағдайға бейімделу үшін маңызды қадам.

Қазақстан – татулықтың үлгісі

Еуропа мұсылмандары форумының президенті Абдул-Вахед Ниязов Газа қасіреті жайлы пікір білдіріп, соғыстың тоқтауына имандылықтың күшеюі ықпал ететінін жеткізді. «Қазақстан – діндер мен ұлттардың бейбіт өмір сүре алатынын дәлелдейтін ел», – деді ол.

Діни қайраткер Малкольм Хоэнлейн: «Дін көшбасшыларының басты міндеті – адамдарды біріктіру» десе, Анак Джут Дахалд Қазақстан бастамасын бірегей қадам деп атап, осындай диалог алаңын ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.

Президенттің үш тілдегі сөзі

Съезд жұмысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде арнады. Бұл қадам Қазақстанның көпұлтты бейнесін паш етіп қана қоймай, елдің әлемге ортақ бейбітшілікке шақырып отырғанын көрсетті.

Астанада өткен жиын: сенім мен адамгершілік – әлемді біріктіретін ең мықты күш екенінің дәлелі. Қазақстан ұсынған осы диалог алаңы бүгінде жаһандық татулық мектебіне айналып отыр.


ПІКІР ЖАЗУ