Алматыда автобустың астында асфальт опырылды

17 қыркүйек таңда Яссауи көшесінің Дастан көшесімен қиылысқан тұсында асфальт автобустың астында опырылып түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жол жабындысының 100 шаршы метр аумақтағы бір бөлігі құлады. Бұған дейін бұл учаскеде мердігер ұйым “Арнайы коммуналдық құрылыс” ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз жүйесін салу жұмыстарын жүргізген, – делінген хабарлады қала билігі.
Әкімдіктегілердің айтуынша, 16 қыркүйекте қалада жауған қатты нөсер кезінде абоненттік желілер траншеялары шайылып, топырақ негізі әлсіреген. Бұл жол жабындысының тұтастығының бұзылуына және опырылуына себеп болған.
Қазір жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жөндеуді 18 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның техникалық қадағалауы атқарылған жұмыстар талаптарға және жобалық нормаларға сәйкес жүргізілгенін түсіндірді, – деп хабарлады әкімдік.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, опырылу себептерін анықтау жұмыстары жалғасуда.