Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов іссапармен Қараспан ауыл округіне қарасты Берген, Батырата ауылдарыны барды.

0

Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Берген ауылының маңындағы Арыс өзенінің арнасын бұру жайымен танысып, шешілу жолдарын қарастыру жөнінде тиісті сала басшысына жүктеді.

Ауыл жастарының игілігіне берілгелі тұрған спорт алаңшасымен танысқан аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы ауылдың жас кәсіпкері Данияр Орынбасаровтың жылыжайын аралап көрді.

К.Омаров, І.Есенберлин жалпы орта мектептерінде өткен ауыл тұрғындарымен кездесуінде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы бүгінгі күнге дейін өзекті болып келген инфрақұрылым, интернет, қоқыс пен жол бойына сергек құрылғысын орнату бойынша айтылған ұсыныстарына жауап берді. Сонымен қатар алдағы 5 жылдық даму жоспарын әзірлеп, сол бойынша шешілу жолдарын қарастыру мақсатында тиісті сала басшыларымен бірлесіп жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ