Ордабасы: Берген аулында Аманат партиясының «Ауыл аманаты» жаңа жобасы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізді

0

Бүгін Қараспан ауыл округіне қарасты Берген аулының  мәдениет Үйінде Аманат партиясының «Ауыл аманаты» жаңа жобасы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылған мобильді топ өкілдерінен құралған мамандандырылған бизнес тренерлері ауданның бірқатар кәсіпкерлеріне семинар өткізілді.

Семинарды аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы ашып: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бағытында “Amanat” партиясы жүзеге асырып келе жатқан “Ауыл аманаты”   жобасы аясында өткізіліп жатқан семинар ауданның кәсіпкерлерге мол мүмкіндік болғалы тұрғанын айтты.

Мобильді топтың бизнес тренерлері кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болады, кооперативты не үшін құру керек, мемлекет техниканы лезингке алуға көмектесе ме деген сұрақтарына толық жауап берді.

«Ауданның кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы мобильді топ құрылды. Осыған орай 2023 жылы бастау алатын жоба бойынша ауыл округтердегі барлық кәсіпкерлер өз құжаттарын жинақтап, аудандық кәсіпкерлік бөліміне тапсыру керек. Алдағы осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша әр ауыл округтеріндегі кәсіпкерлермен жүйелі түрде кездесу өткізіліп тұрады»-деді аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ