Электр желілерін заманауи желіге ауыстыру жүйелі жүргізілуде
Түркістан қаласының негізгі орталық көшелерінде орналасқан электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, бірінші нысан С.Қожанов пен Байбұрт көшелері аралығындағы құрылыс толық аяқталып, 10 кВ-ты 10,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 11, 6 шақырым желі жүргізілді. Қазірде абоненттер жарықпен толық қамтылған.
Екінші, Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша , 10 кВ-ты 8, 4 шақырым, сонымен бірге, 0,4 кВ-ты 15, 7 шақырым электр желісі құрылысының 90% жұмысы біткен. Одан бөлек, Әл-Фараби, Ататүрік, С. Ерубаев көшелерінде салынып жатқан 10кВ-ты 8,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 61, 7 шақырым заманауи электр желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Және де Тәуке Хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абеновa, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері бойында 10 кВ-ты 29, 7 шақырым, сонымен бірге, 0,4 кВ-ты 30, 7 шақырым электр желісінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.