СОЗАҚ: КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

0

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе «2022-2023 жылдардың жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы» туралы аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов хабаралама жасады. Бірқатар мекемелердің қысқы маусымға дайын болмай отырғанын ескертті. Сондай-ақ Қыземшек кентінің әкімі  Ержан Жұмабаев пен Таукент кенті әкімінің міндетін атқарушы Марат Ибраев көп қабатты тұрғын үйлердің жылу беру маусымына  дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады.  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков тапсырмалар жүктеп, ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына  мерзімін белгілеп, орындауды тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ