Түркістан: Сарыағаштағы “ДОМБЫРА PARTY»-де күй күмбірлеп, терме төгілдІ
Бүгін Сарыағаш ауданында Ұлттық домбыра күніне орай еркін форматта «Домбыра Party» іс-шарасы өтті.
Аталған шараның мақсаты – ұлттық домбыра аспабы мен ұлттық әндерді кеңінен насихаттау. Ауданның 50-ден аса ерікті жастары «Алып» сауда орталығына жиналып, төл өнерімізді жұртшылыққа ұсынды. Мерекелік іс-шараға келген көрермендер жас өнерпаздардың күмбірлете тартқан күйін, нақышына келтіре орындаған термелері мен халық әңдерін тыңдап, домбыра үнінің құдіретін сезініп қайтты. Аталған шараның ерекшелігі — кез келген домбырашы келіп өз өнерін ортаға салып, қалаған күйін орындайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі