«Автонұр» базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды

0

Шымкентте «Автонұр» базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды. Сыртқы белгілеріне қарағанда, марқұмның тұрақты тұрғылықты жері болмаған.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқандар полиция шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы аяғы жоқ ер адам қайыршылықпен айналысқан.

Полицияның мәліметінше, өлім табиғи себептерден болған. Оқиғаның мән жайы тексерілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


ПІКІР ЖАЗУ