Штаб отырысында 8 жоба мақұлданды

0

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың екінші жарты жылдығында қолға алынатын жобалар және аталған жобаларда кездесетін мәселелер туралы болды.

Биылғы жылға инвестициялық жобалардың бірі тұрғын үйлердің қасбетін жасауға арналған материалдар шығаратын зауыт, сантехникалық бұйымдар жасау зауыты, мұнай қалдықтарынан шығарылатын сұйық битум шығаратын зауыт құрылысы. Барлық жобалар мегаполистегі индустриялдық аймақтарда іске асырылатын болады. Сонымен қатар кондитер өндісі және қағаз өндіру цех құрылысының жобасы да мақұлданған.

Айта кетейік, бүгінгі штаб отырысында 8 жоба мақұлданды. Сонымен қатар өндіріс орындарынан бөлек, тағы бір ұсынылған ұтымды жобалардың бірі – 500 орынға арналған студенттер жатақханасы.

Мұрат Дүйсенбекұлы индустриялды аймақтарда жүзеге асыратын бұл жобаларды тиісті инфрақұрылыммен қамтуды, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді дер кезінде қолдануды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ