Оқу-ағарту министрі хиджабқа қатысты сұраққа нақты жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев “мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші рет қойылған журналистердің сұрағына Бейсембаев:
Мектеп формасымен келу керек, болды. Өйткені бұл мектеп, – деді Оқу-ағарту министрі.
Ғани Бейсембаев заң талаптарына сәйкес барлық оқушылар сабаққа мектеп формасымен келуі керек екенін еске салды.
2016 жылы бекітілген оқушылардың мектеп формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар білім ордасына мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ, — деді министр.
Еске салайық, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба» деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда министр тек:
Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз тиіс, – деп қана жауап берді.