Дәрігерлердің жалақысы неге аз? – Денсаулық сақтау министрі жауап берді

0

 Мемлекеттік емхана мен қалалық ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы неге аз? БАҚ тарапынан қойылған сұраққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Расында, жалақы мөлшеріне қатысты сұрақтар жоқ емес. Жалпы, үш жылда айлық екі-екі жарым есе көтерілді. Алайда қазіргі таңда жеке сектордың тез дамуына байланысты олар да дәрігерлердің тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Соған байланысты тәжірибесіне қарамастан, дәрігерлерге барлық жағдайды жасауда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің әрине, айлықтары бәсекеге қабілетті емес деп айтуға болады, — деді Әлназарова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің шешімі қандай?

Біріншіден, президент тапсырмасы аясында 3 жыл сайын 30 пайызға, 3 жылда 100 пайызға көтерілген айлықтың бағдарламасына сәйкес, тиісті жұмыстарды жалғастырғалы отырмыз. Екіншіден, емханада жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің жүктемесі көп. Сондықтан тиісті коэффиценттерін алуға байланысты: ынталандыру коэффиценті деген бар. Біз соны қазір қайта қарап жатырмыз. Екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың сапасына байланысты тиісті коэффиценттері көбеймек, — дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ