Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті

0

 Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, былтырғы жылы 15 826 орын тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5% артық (15 146 бірлік).

Өткен жылы мейрамханалар санының өсуі ерекше байқалды, 2023 жылы олардың саны 2 303 болса, 2022 жылы 2106 бірлік болған.

Асханалар саны да 4 752-ден 5 383 бірлікке дейін өскен.

Мейрамханалар мен асханалар санының өсуі аясында кафелер саны кері динамиканы көрсетті, 2022 жылғы 5 016-дан 2023 жылы 4 479 бірлікке дейін қысқарған.

Өңірлер бөлінісінде мейрамханалардың ең көп саны Астана (400 бірлік), Алматы (351 бірлік) қалалары мен Түркістан облысында (213 бірлік).

Кафелер – Алматы (508 бірлік), Астана (385 бірлік) қалаларында және Қарағанды облысында (464 бірлік) көп. 2023 жылы қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11,9% артық.


ПІКІР ЖАЗУ