Түркістан: отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі ардагерлер арасында талқыланды

0

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Жанар Мұратбекова мен  «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен баланың арасында түсіністік пен отбасылық махаббатты қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шарада ардагер ата-апаларымыз осы тақырыптағы  ой-пікірлерін ортаға салды.

Шара барысында Мемлекет басшысының бастамасымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» Заңына енгізілген өзгерістер  түсіндірілді.

Өз кезегінде аудандық әжелер кеңесінің төрайымы, «Қазақ аналарының дәстүрге жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ордабасы аудандық филиалының төрайымы Әбілдаева Ұлболсын сөз алып, ата-ана мен баланың арасында түсіністік, ене мен келіннің арасындағы махаббаты қалыптастыру арқылы отбасы құндылығы мен тыныштығы, беркесі мен бірілігі сақталатынын айта келіп, жастарды отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу барша азаматтың міндеті екендігін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ