ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа мектептің лентасы қиылды

0

1 қыркүйек – Білім күнінде Кентау қаласында соңғы үлгіде салынған жекеменшік «Bastau» мектебінің лентасы қиылды. Жаңа білім ұясының ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов бастаған зиялы қауым өкілдері мен мектеп педагогтары және ата-аналар қатысты.

Қала басшысы мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа білім жылының басталуымен, жаңа білім ордасының ашылу салтанатымен құттықтап, жаңа мектептің лентасын қиды.

Үш қабатты ғимаратта орналасқан мектептің сыйымдылығы 450 орынға арналған. Бүгінде, мектепке 10-11 сынып оқитын 110 оқушы қабылданған. Алдағы уақытта 7-сыныптан оқушыларды қабылдау жүргізіледі.

Мұнда оқушылардың білім алуына толық жағдай жасалған. Жаңа мектепте оқу бөлмелері, компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана, кітапхана сияқты бөлмелермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, үлкен спорт залы мен мектеп ауласында ашық ойын алаңша орналастырылған.

Жаңа білім ордасында әр оқушының таңдаған бағытына қарай пәндері тереңдетіліп оқыту қарастырылған. Оқушылар тасымалдау қызметі мен ыстық тамақпен қамту жағы бар. Оқу ордасында балаға түске дейін белгіленген кесте бойынша сабақ оқытылса, түстен кейін мамандыққа бейімделген білім беру жүйесі бойынша сабақ жүргізіледі.


ПІКІР ЖАЗУ