ТҮРКІСТАН: «дәстүрлі құндылықтар керуені» сауранға келді

0

Түркістан облысы бойынша өтіп жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Сауран ауданына келді. Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – облыс тұрғындарын түрлі діни ағымдардан сақтандырып, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу. Кездесу қонақтарының қатарында дін, мәдениет, спорт салаларының өкілдері болды.

Келелі кездесуге дін саласының өкілі, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев, Дін істері басқармасының бөлім басшысы Қайрат Абуов, актер, мәдениет саласының өкілі Шакен Амантуров, КСРО спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі төреші Әбдісадық Халилаев қатысты.

Ал модератор аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Жұмадуллаев болды. Арнайы келген қонақтар діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы ойларын баяндап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге ардагерлер, әжелер, аналар кеңесі, ауыл билері мен жастар қатысты. Олар тағылымды әңгіме тыңдап, құнды кеңестер алды. Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – қоғамдық пікір көшбасшыларын қатыстыра отырып, облыс тұрғындарын діни ағымдардан сақтандыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов салт-дәстүр жайындағы ұтымды ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында көпшілік тарапынан айтылған пікірлер мен сұрақтарға жауаптар берілді.


ПІКІР ЖАЗУ