Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер шешімін табуда

0

Түркістан облысының тұрғындары көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. 9 ай қорытындысымен Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары 30-дан астам жеке кабылдау өткізген. Кестеге сәйкес қабылдауға жазылған 332 адам түрлі салаға қатысты мәселелер көтерген. Тұрғындар талабына құлақ түріп, мәселелердің басым бөлігі дер кезінде шешімін тапқан. Тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар заң аясында шешімін табатыны түсіндірілді. Жеке қабылдау ашықтық қағидатына негізделген.

Азаматтардың өтініштері тек заң шеңберінде шешіледі. Барлық ұсыныс-пікір назардан тыс қалмайды. Түркістан облысыны әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің тарапынан жүргізілетін жұмыстар бойынша жиналыс өткізді.

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан түсетін жолданымдардың қаралуына талдау жасалған. Осы уақыт аралығында 30 мыңнан астам жолданым түскен. Тұрғындар көтерген сұрақтар сан алуан. Көпшілікті жер телімін алу, баспана кезегі, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау және кәсібін кеңейту және әлеуметтік салаға қатысты мәселелер толғандырады.

Жеке қабылдаулар Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы қаулысына сәйкес өтеді. Облыс тұрғындарын жеке қабылдау облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.


ПІКІР ЖАЗУ