Ордабасы: атқарылар жұмыстардың барысы пысықталды
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Су тасқынына қарсы іс шаралар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы, дербес бөлімдердің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары мен міндеттері туралы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, салаға жауапты басшылардың баяндамаларын тыңдады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков, ал, дербес бөлімдердің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары мен міндеттері туралы барлық бөлім басшылары баяндама жасады. Атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
Мәжіліс соңында аудан басшысы салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне берілген әрбір тапсырманы немқұрайлы қарамай уақытылы сапалы орындауды, төтенше жағдайлар бойынша су тасу қаупі бар деген ауылдарды зерделеп бюджетке ұсыныс беруді, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, елді мекен көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту тапсырылды.