Ордабасы: негізгі табыс көзі ауылшаруашылық саласы

0

Бүгін аудан әкімі  Азат Оралбаев 2025 жылы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің атқаратын жұмыстарын талқылады.

Жиында бөлім басшысы Берік Алтынбеков бөлімнің жоспарлары мен оларды іске асыру тетіктері бойынша баяндама жасады. Қойылған негізгі міндеттер келесілерді қамтыды:

  • Егіс алқаптарының ұлғаюы: Суды үнемдеу технологияларын қолдану арқылы өнімділікті арттыру және тыңайтқыштарды тиімді пайдалану.
  • Мал шаруашылығын дамыту: Мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын ілгерілету, және ветеринариялық бақылауды күшейту.
  • Жер қатынастары: Жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, оларды айналымға енгізу.
  • Инвестициялар тарту: Жеке секторды қолдау үшін ауыл шаруашылық саласына жаңа инвесторлар мен инновациялық жобаларды тарту.
  • Агроқұрылымдарды дамыту: Шаруа қожалықтарына қолдау көрсетіп, жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға жеңілдік бағдарламаларын түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.

Аудан басшысы бұл талқылау ауданның ауыл шаруашылық әлеуетін арттыру және жер ресурстарын тиімді басқару мақсатында қабылданған нақты қадамдар мен стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ