Сарыағаш: тұрғындар мәселесі оң шешімін табуда

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың 2024 жылдың қараша айында өткен халықпен кездесуіндегі Дарбаза ауылдық округ тұрғындарының өтінішін жол картасына енгізген болатын.
Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықты сапалы интернетпен қамту жұмыстары аудан аумағында қарқынды жүргізілуде.
Осы ретте, Сарыағаш ауданына қарасты екі елді мекенге базалық станция орнатылып, мобильді интернет желісімен қамтылды.
Дарбаза ауылдық округіне қарасты Құрсай елді мекенінде «Билайн», Ердәуіт елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторына әкімдік тарапынан жер учаскесі беріліп, 4G жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетпен қамтамасыз етуге арналған жаңа базалық станциялар орнатылды. Алдағы уақытта басқа да елді мекендерді интернет пен байланыстың сапасын арттыру бағытында жұмыстар жалғасады.