Сауран: Ибатада этносаралық татулықты нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді
Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекеніндегі «Ұлықбек» атындағы жалпы білім беретін мектебінде этносаралық татулықты нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және дінаралық келісімді сақтау бойынша жиын ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Арсылан Раматуллаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков, Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Таһир Абдаев, мектеп директоры мен мұғалімдері, ауыл тұрғындары мен ақсақалдары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Ол этносаралық татулықты нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және дінаралық келісімді сақтау бағытындағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесулер ауданның барлық елді мекендерінде өткізіліп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды сақтау бойынша жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Аталған жиында сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков және Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Таһир Абдаев этносаралық келісімді сақтаудың және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Олар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және этносаралық татулықты нығайту мақсатында түрлі кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев жиынды қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.