Арыстық өнерпаздар облыстық байқауда қос бірдей жүлдеге ие болды

Келес ауданында облыстық «Өнер құдіреті-мәңгілік» өнер фестивалі аясында «Ұлы дала әуендері» ұлт-аспаптар ансамблдер байқауы өтті.
Байқауға облыс көлеміндегі барлық қалалар мен аудандардан келген ұлттық-аспаптар ансамблдері бақтарын сынады.
Бүкіл облыстың өнер майталмандарының басын қосқан шарада арыстық өнерпаздар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарынан құралған «Көркем сазы» тобы қазылар алқасының шешімімен «Келес ауданы әкімінің арнайы жүлдесін» қанжығасына байласа, «Сазды әуен» вокалды-аспаптар ансамблдер байқауында «Арыс» ансамблі дәл осындай нәтижеге қол жеткізіп, қаламыздың мәдениеті мен өнерінің мерейіс үстем етті!
Айта кетейік, сайыс барысында қазылар алқасы жүлделі орынды анықтау үшін үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, музыкалық аспапта орындау шеберлігіне, ән мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына, сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне баса назар аударады.
Барша арыстық өнерпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!