Түркістан облысында идеологиялық мәдениет қалыптасуда

Бүгін 17 ақпан күні Түркістан қаласында облыстық жастар ресурсттық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымы мен, жастар ісі белсенділері бас қосып жылдық жоспарды талқылады. 17 аудан, қала жастар орталықтарының басшылығы ZOOM жүйесі арқылы қосылды.
Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады. Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында 2025 жылы «Жасыл ел» студенттік жастар жасақтары 1300 жас жұмыс атқарады деп күтілуде. Аталған жастар тек жазғы демалыс маусымында ғана емес, Наурыз айынан бастап ағаш, гүлдер көшеттерін отырғызуға белсенді араласатын болады. Сонымен қатар, Түркістан облысының аудандарындағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды.
Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталатын болады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда.
Жастар ресурстық орталықтардың басшыларына өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар жасап, тазалық шарасы аясында жұмыстарды, өскелең ұрпақты мектептерде, бала бақшаларда ашық сабақтар арқылы тәрбиелеуді тапсырды.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастырумен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы негізінде 1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылу көзделуде.