Сауран: аудан әкімі «Түркістан-Қарнақ» көпірінің құрылыс мәселесін бақылауға алды

0

 Сауран ауданы аумағында орналасқан «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайтын бұл нысанның құрылысы уақытша тоқтап, аяқсыз қалуы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда. Жергілікті халық аудан әкіміне өтініш білдіріп, көпір құрылысын жедел аяқтауды сұрады.

 Осыған байланысты бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров көпір құрылысымен танысу мақсатында нысанға арнайы барды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен аудандық мәслихат депутаты Ержан Мұстапаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы орынбасары Мейіржан Джалайров кездесу өткізіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

 Көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары Түркістан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сервис НС» ЖШС мердігер мекемесі арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асуда.

Жөндеу барысында:

 Ескі көпір толық бұзылды;

 72 дана темір бетон қадасы қағылды;

 Ауыр жүк көліктеріне арналған 24 метрлік 27 дана арнайы темір бетон плита орнатылады;

 Қоршау жұмыстары мен асфальт жабындысы төселеді;

 Қазіргі таңда 820 метрлік айналма жол салынды. Көпір құрылысы наурыз айында қайта жанданып, осы жылыдың шілде айында толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс аяқталғанға дейін қосымша уақытша көпір салынатын болады.

 Аудан әкімдігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ететінін жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ