«Наурыз» бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай?

0

 Мемлекет баспанаға мұқтаж азаматтарға 300 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы шамамен 11,5 мың қазақстандыққа үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 5 наурыздан 31 наурызға дейін қабылданады.

Ипотека шарттары қандай?

  • Пайыздық мөлшерлеме:
    • Әкімдік кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%-9,6%).
    • Баспанаға мұқтаж азаматтар, қандастар және өзге де санаттағы қазақстандықтар үшін – 9%.
    • Егер несие сомасының 50%-ын жинақтасаңыз, мөлшерлеме 3,5%-5%-ға дейін төмендейді.
    • Бастапқы жарна:
    • Жаңа, жөндеуден өткен тұрғын үй үшін – 10%.
    • Жөндеусіз жаңа баспана немесе екінші нарықтағы тұрғын үй үшін – 20%-дан бастап.
    • Бірақ бастапқы жарна кемінде 2 млн теңге болуы керек.
    • Несие мерзімі: 19 жылға дейін.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Соңғы 5 жылда өз атында жылжымайтын мүлкі болмаған кез келген қазақстандық қатыса алады.

Жасы: 18 бен 63 жас аралығында болу керек.

Қатысушы табысын қалай дәлелдейді?

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 6 айда тұрақты ресми табыс болуы шарт. Мұнда:

— Жалақы;
— Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс;
— Ақылы қызмет көрсету арқылы тапқан табыс;
— Жәрдемақылар, стипендиялар мен тұрғын үй төлемдері есепке алынады.

Егер үміткердің табысы жеткіліксіз болса, екі кепілгер (қосымша қарыз алушы) тартуға болады. Олардың туыс болуы міндетті емес.

Егер атыңызда жылжымайтын мүлік болса…

Соңғы 5 жылда қатысушының да, оның отбасы мүшелерінің де (жұбайы, балалары) атына тіркелген баспана болмауы қажет.

— Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады.
— Егер үміткер некеде болмаса, оның ата-анасының үйі есепке алынбайды.
— Бағдарлама аясында үйді тек бір рет сатып алуға болады.


ПІКІР ЖАЗУ