Қатты гүрсіл алматылықтардың зәресін ұшырды

Алматыда алғашқы көктемгі найзағай күркіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Алайда оның дауысы мегаполис тұрғындарының зәресін ұшырды. Табиғи құбылысқа қатысты қалалық ТЖД мәлімдеме жасады.
Қаланың таулы ауданында бұлттардың көп жиналуының салдарынан найзағайлы бұлт жиналып, салдарынан күн күркіреді, — деді ведомствоның баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
ТЖД қалалықтарды сабыр сақтауға шақырды.