Бірнеше өңірде жолдар жабылды

Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды.
Белгілі болғандай, 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы).
Ұлытау облысы:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 757 арнайы техника мен 1804 маман жұмылдырылды.