Еліміздің үш облысында жол жабылды

0

Еріген қар сулардың салдарынан Ақтөбе және Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.

23 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы бойынша «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

— Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

 


ПІКІР ЖАЗУ