Су тасқыны: Ақмолада көлікті ағыс алып кетіп, жүргізуші қаза тапты

0

 Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 5 сәуірде «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы» бағытының 963-шақырымында болды.

Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті, — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ