Шаңды дауыл, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Елдің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстік-батысында бұршақ жауады, шығысында түнде көктайғақ болады. Сонымен қатар солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі», — делінген хабарламада.