Ұлыбритания: Путин ешқандай шартсыз соғысты тоқтату керек

0

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Ресейдің Сумы қаласындағы бейбіт тұрғындарға жасаған ракеталық шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Ресей президенті Владимир Путинге ешқандай шартсыз, дереу атысты толық тоқтату туралы талап қойды. Британ үкіметінің басшысы Ресейдің бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қатыгез шабуылдарына қатты шошынғанын айтты.

Осы қайғылы сәтте менің ойым құрбандар мен олардың туыстарымен бірге. Президент Зеленский бейбітшілікке адал екенін көрсетті. Енді Путин соғысты біржола және ешқандай шартсыз тоқтатуға келісуі тиіс, — деді Стармер.

Ресейдің бұл өлімге әкелген шабуылына Франция президенті Эмманюэль Макрон да жауап қатты. Ол Ресейдің АҚШ президенті Дональд Трамптың атысты тоқтату туралы ұсыныстарына қарамастан соғысты жалғастыруды таңдағанын атап өтті.

Осы жағдай аясында Макрон Украина одақтастарын агрессор елді тоқтатуға бағытталған батыл әрекеттерге шақырды. АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог та мәлімдеме жасады:

Бүгін Верб жексенбісінде Ресей әскерінің Сумыдағы бейбіт нысандарға жасаған шабуылы ешқандай ақтауға келмейді. Қаза тапқандар мен жараланған бейбіт тұрғындар саны ондаған адамға жетті. Әскери тәжірибесі бар адам ретінде мен нысананы таңдау принципін білемін – бұл жағдайда бәрі қате. Сондықтан да президент Трамп бұл соғысты тоқтату үшін бар күшін салып жатыр, – деп жазды Келлог.


ПІКІР ЖАЗУ