Он мыңдаған медицина қызметкері сенбілікке шықты

Сәуірдің осы жылы күндерінде бүкіл ел бойынша медицина қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясының шеңберінде аумақтарды санитариялық тазалауға және көгалдандыруға белсенді түрде қосылды.
Ауқымды сенбілік барысында дәрігерлер саябақтар мен гүлзарларға мыңдаған ағаш отырғызып, медициналық ұйымдарға іргелес алаңдарды абаттандырды.
Бүгін елордалық Тұңғыш Президент саябағында Денсаулық сақтау министрлігі Астана медицина университетінің студенттерімен бірге экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Бұл күні ведомство қызметкерлері аумақты қоқыстардан тазартып, жүздеген жас ағаштарды отырғызып, саябақты елорданың одан да жасыл және жайлы бұрышына айналдырды.
Республикалық акцияны бүкіл ел бойынша он мыңдаған медицина қызметкерлері қолдап, одан да таза, әдемі және жасыл Қазақстанды құруға өз үлестерін қосты.