Көкшетауда газ сату компаниясының басшысы 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

0

 Ақмола облысында 270 миллион теңгеден астам сомаға жасалған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Polisia.kz ресми порталы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаяқтық фактісі газ сатумен айналысатын ірі компаниялардың бірінде орын алған. 28 мамыр күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына компанияның заңгері жүгініп, 2024 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында серіктестік қаражатының жоғалғанын мәлімдеген.

Тергеу барысында белгісіз тұлғаның қысқа мерзім ішінде алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша иеленгені анықталды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері 34 жастағы компания басшысының бұл іске қатыстылығын тексеріп жатыр, — делінген ресми мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалды. Құқық қорғау органдары күдіктінің әрекетінің себептері мен қылмысқа қатыстылығын терең зерттеуде.

Полиция өкілдері бұл оқиға үлкен қаржы айналымы бар компанияларда кадрлық іріктеу мен ішкі бақылаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсеткенін атап өтті.

Тергеу жалғасып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ